Қазақстандық олимпиадашылар Бейжіңге жетті
Қазақстандық спортшылар жұма күні таңертең «Air Astana» арнайы рейсімен қысқы Олимпиада ойындарына қатысу үшін «Шоуду» Бейжің халықаралық әуежайына жетті.
09:41 28.01.2022
Осы рейспен конькимен жүгіру спорты, шорт-трек, фристайл-могул, тау шаңғысы, трамплиннен шаңғымен секіру және шаңғы қоссайысы бойынша қазақстандық командалардың мүшелері келді.
Қазақстан делегациясы ПТР-тест пен төлқұжат бақылауынан өткеннен кейін Олимпиада қалашығына бет алды.
XXIV қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында Бейжіңде өтеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!