Экология вице-министрі мен «ӨКМ Операторы» экс-басшысы 2 айға қамауға алынды
Нұр-Сұлтан қаласының тергеу соты бұрынғы Экология, геология және табиғи ресрустар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «ӨКМ Операторы» ЖШС басқармасының бұрынғы төрағасы Медет Құмарғалиевті екі айға қамауға алды.
10:30 28.01.2022
Бұл ақпаратты елорда сотының баспасөз қызметі растады.
«2022 жылғы 27 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдіктілер А.А.Примкулов пен М.К.Кумаргалиевке қатысты 2 ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.
ҚР Қылмыстық процестік кодекстің 201 бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа деректерін жария етуге жол берілмейді», - деп жазылған мәліметте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!