Қазақстанда коронавирус пен пневмониядан тағы 24 адам қайтыс болды
Коронавирус және коронавирус белгілері бар пневмониядан елімізде тағы 24 адам қайтыс болды.
10:34 28.01.2022
26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, коронавирус пневмониясының жаңадан 148 жағдайы анықталды, қайтыс болды – 7 адам.
Жалпы, 2020 жылғы 1 тамыздан биылғы 26 қаңтарға дейін коронавирус пневмониясының 85 994 дерегі тіркелді. Қайтыс болды – 5 260 науқас.
Сондай-ақ министрлік ақпаратына сүйенсек, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 17 адам көз жұмды. Індетті бір тәулікте жұқтырғандар саны – 12 558.
2020 жылғы 13 наурыздан биылғы 27 қаңтарға дейін коронавирус барлығы 1 204 769 адамнан анықталды. Қайтыс болды – 13 194 адам.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!