{metadescription}
Алматыда көлік жолдан ұшып кетіп, жер үйдің қоршауына соғылды

Алматыда көлік жолдан ұшып кетіп, жер үйдің қоршауына соғылды

Жүргізуші алған жарақатынан оқиға орнында мерт болды, жолаушы ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді.

Алматыда Сайын даңғылы мен Өтеген батыр көшесі арасындағы Райымбек даңғылында адам өліміне әкеп соққан жантүршігерлік жол апаты болды. Жол апатынан көлік жүргізушісі қаза тапты

Куәгерлердің айтуынша, Mitsubishi Galant автокөлігі Райымбек даңғылының бойымен шығыс бағытта кетіп бара жатқан. Белгісіз себептерге байланысты жүргізуші рөлге ие бола алмады. Көлік кенеттен жолдан шығып, шам бағанасын құлатты, артынша тротуарға өтіп, бетон бағанасы мен жер үйдің металл қоршауына соғылған. Қатты соққыдан көліктің быт-шыты шықты.

Оқиға орнына жеткен куәгерлер зардап шеккендерді шығаруға көмектесті. Апат салдарынан 1996 жылғы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Жолаушы ауыр хәлде ауруханаға жатқызылды. Жол полициясының қызметкерлері апаттың мән-жайын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде