{metadescription}
Шардарада жоғалған қыздың қайда жүргені анықталды

Шардарада жоғалған қыздың қайда жүргені анықталды

16 жастағы қыз хабар-ошарсыз кеткен.

Ол Шымкент қаласында тұратын әпкесінің үйінен табылды. Түркістан облысында жоғалған жасөспірім қыз Шымкенттен табылды. Шардара ауданының полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданған. Оның айтуынша, 16 жастағы қызы үйінен шығып кетіп, содан хабарсыз кеткен. Жасөспірімнің анасы өз бетінше іздеуден еш нәтиже шықпаған соң, полиция қызметкерлерінен көмек сұраған. 

Полиция қызметкерлері толық құрамда қызды іздеуге кірісіп, нәтижесінде тәулік ішінде оның жүрген жерін анықтады. Ол Шымкент қаласында тұратын әпкесінің үйінен табылды. Қазіргі таңда жасөспірім ата-анасына аман-есен табысталды. Полицейлер мән-жайды тексеру барысында қыздың қыдырып келуіне ата-анасы рұқсат бермегенін анықтады. Сол себепті қалаға әпкесінің жанына кетіп қалған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде