{metadescription}
 Қазпошта өндірістік қызметкерлердің жалақысын көбейтуде

Қазпошта өндірістік қызметкерлердің жалақысын көбейтуде

«Қазпошта» АҚ пошташылардың, операторлардың, жүргізушілердің, экспедиторлардың және компанияның басқа да өндірістік қызметкерлерінің жалақысын индексациялады.

2022 жылдың 1 ақпанынан бастап Қоғам қызметкерлерінің 93,5%-ының жалақысы көтеріледі.Жалғыз акционер – «Самұрық-Қазына» АҚ қолдауымен Қоғам басшылығы 2022 жылдың 1 ақпанынан бастап компанияның өндірістік персоналының – шамамен 14 мың адам немесе Қоғамның жалпы штат санының 93,5%-ының жалақысын көтеру туралы шешім қабылдады.

«Қазпошта» АҚ-да жалақыны индекстеу мәселесі өзекті болды, өйткені соңғы рет жалақы 2020 жылдың мамыр айында 10%-ға өсті және содан бері өзгеріссіз қалды.

Сонымен қатар, «Қазпошта» АҚ өндірістік, қаржылық және басқа да қызметті тиімді басқару үшін әкімшілік шығындарды оңтайландырып, басқару құрылымын қайта қарайтын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде