{metadescription}
Алматы облысында терроризмге қарсы операциялар аяқталды

Алматы облысында терроризмге қарсы операциялар аяқталды

Бірақ полицейлер күшейтілген режимде жұмыс істеп, қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етудe.

Облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу шаралары жүріп жатыр. Талдықорған қаласында тұрақты түрде төрт блокбекет тәулік бойы жұмыс істеп тұр. Халықтың емін-еркін жүріп тұруын қадағалайтын қосымша бақылау бейнекамералары орнатылып, саяжайларда рейдтік шаралар жүргізілуде. Облыс аумағында 19 модульдік бекет қойылды. Республикалық және облыстық маңызы бар жолдар мен ішкі жолдарда бақылау күшейтілді.

«Жедел-алдын алу шаралары барысында 61 қылмыстық іс қозғалды. Бұрын іздеуде жүрген 11 қылмыскер қолға түсті. 15 қару, 3 жарылғыш зат тәркіленді. 11 арнайы қорғаныс құралы табылды. Бұл бағытта жұмыстар әлі де жалғасады», - деді Алматы облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ержан Оразбаев.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

27 мамыр

Қазір эфирде