{metadescription}
Сағынтаев алматылықтарға алғыс айтты

Сағынтаев алматылықтарға алғыс айтты

Алматы қаласының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаев алматылықтарға үндеу жасады.

Сағынтаев лауазымын жаңа әкімге тапсырағанын жазып, осыдан тура 720 күн бұрын Президент Алматы әкімдігін басқаруды өзіне сеніп тапсырғанын айтты. Ол Мемлекет басшысына ризашылығын жеткізді.

"Мен сіздермен үнемі бірге болдым. Қала өмірін жақсартуға бар күш-жігерімді арнадым. Ұзақ мерзімді "Алматы-2050" стратегиясын қабылдап, қаланы дамытудың келешегін айқындадық. Президенттің "Шетсіз қала" қағидаты негізінде қалаға қосылған аудандардың түйткілді мәселелерін шешуге баса назар аударып, "Жаңа Алматы" кешенді бағдарламасын қабылдадық. Біз әлеуметтік мәселелерді шешу үшін Алматыны агломерация ретінде дамыту және облыстың қаламен шектесетін 4 ауданында жұмыс орындарын құру жұмысын күн тәртібіне қойдық. Денсаулық сақтау жүйесі нығайтылды. Бір жылдың ішінде ең заманауи жабдықтармен жабдықталған 3 жұқпалы аурулар ауруханасын іске қостық. Пандемия кезінде денсаулық сақтау жүйесіндегі дағдарысқа жол берілмеді. Экологияны жақсарту үшін жүйелі екі шешім қабылданды: миллион ағаш отырғызу және екінші ЖЭО-ны газға ауыстыру", - деп жазды Сағынтаев Facebook-парақшасында.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде