Президент Қапшағай қаласына Қонаев атын беруді қолдауға дайын
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қапшағай қаласының атауын Қонаев деп өзгертуге қолдау көрсетуге әзір.
12:04 16.03.2022
Айта кетейік, Қапшағай - Алматы облысы, Алматы қаласынан 53 шақырым жерде орналасқан қала. Қапшағай қаласы 1970 жылдары құрылған. Бүгінде 2 округ және 11 елді мекен бар. Қапшағай бөгетінің солтүстік батысында 20 шақырым жерде Іле өзенінің оң жағасында Тамғалы Тас орналасқан. Қапшағай өңірінде 61,6 мыңнан астам адам тұрады. Қала Қапшағай бөгені жағасында бой көтерген. Қапшағай халықтың ең көп демалатын жерлерінің бірі болып саналады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!