{metadescription}
Ауа райының жақсаруына байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын бірнеше жол ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын бірнеше жол ашылды

Ауа райының жақсаруына байланысты Нұр-Сұлтаннан шығатын бірнеше жол көлік қозғалысы үшін ашылды.

Сағат 6.40-та ауа-райының тұрақтануына байланысты Нұр-Сұлтан – Қабанбай батыр – Киевка – Теміртау республикалық тас жолының Қабанбай ауылының 16 – 51 шақырым учаскесі. Қабанбай батыр -Қарағанды ​​облысының шекарасына дейін автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысы ашылды. 

Сағат 7.30-да ауа райының тұрақтандыруына байланысты республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан – Ерейментау – Шідерті тас жолының 16-200 шақырымы, Нұр-Сұлтан учаскесі –Нұр-Сұлтан - Павлодар облысы шекарасы автокөліктердің барлық көлік түрлері үшін ашылды. 

Ал 23 наурыз күні сағат 20.00-де Нұр-Сұлтаннан шығатын республикалық маңызы бар Екатеринбург - Алматы тас жолында, Нұр-Сұлтан - Атбасар учаскесінің 1247 - 1003 шақырымында көліктің барлық түрлерінің қозғалысы жанданатыны туралы хабарланды. 

23 наурызда күндіз ауа райының қолайсыздығына байланысты елордадан шығатын барлық жолдар жабылғаны туралы мәлім етілген болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.