{metadescription}
Темекі тағы қымбаттайды

Темекі тағы қымбаттайды

Министрдің айтуынша, екі жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі.

2024 жылға дейін акциздердің көтерілуімен темекінің бағасы да өседі. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik. Министрдің айтуынша, екі жылдың ішінде темекі акциздары 35 еуроға дейін көтеріледі.

Осылайша, 1 000 дана сигареттің акцизі, шамамен, 16 мың теңге болады.

"Сонда осы соманы алдымен 1 000 сигаретке бөліп, одан кейін бір пачкада болатын 20 сигаретке көбейтсеңіз, шамамен, 300-350 теңге шығады. Бір пачка сигареттің акцизі сондай болады", - деді Жамаубаев сенат отырысынан кейінгі брифингте.

Сондай-ақ, қазіргі кезде үкіметте құрамында қанты бар сусындардың акцизін көтеру мәселесін талқыланып жатыр. Әзірше, нақты бір шешім жоқ.

"Акциздің мөлшерлемесі бойынша бір келісімге келген бойда міндетті түрде хабарлаймыз. Сосын парламентке келеміз. Әзірше, осы мәселе талқыланып жатыр", - деп атап көрсетті Жамаубаев.

Осы орайда министр үкіметтің негізгі ұстанымын жариялады. Бір жағынан халықтың денсаулығын сақтау қажет, екінші жағынан, кәсіпкерлерге салмақ түспеуі керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде