{metadescription}
Қызылордада тоғызыншы сынып оқушысы каналға батып кетті

Қызылордада тоғызыншы сынып оқушысы каналға батып кетті

Қызылорда қаласында тоғызыншы сынып оқушысы каналға суға батып кетті. Қазір құтқарушылар баланың мүрдесін іздеуді бастап кетті.

Бүгін, 19 мамыр сағат 15:28-де облыстық төтенше жағдайлар департаментіне Белкөл кентіндегі каналға 15-16 жасар ер баланың суға кеткені жөнінде хабар келіп түскен.

«Оқиға орнына барғанда кенттегі №189 мектептің тоғызыншы сынып оқушысы суға батып кеткені мәлім болды. Қазір құтқарушылар баланың мүрдесін іздеу жұмыстарын бастап кетті. Оған жедел құтқару жасағының басшысы Бақыт Ембергенов жетекшілік етіп отыр. Бұл жұмысқа 7 құтқарушы тартылған. Оған қажетті техника, қайық пайдаланылуда. Сүңгуірлер мүрдені су астынан іздеуді жалғастырып жатыр», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Ведомство мәліметінше, апаттық медициналық орталығынан 3 қызметкер 1 техникамен оқиға орнында жұмыс жасап жатыр.

Сондай-ақ, департамент психологы баланың анасына қажетті психологиялық көмек көрсетуде.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде