{metadescription}
Алматыда алаяқ полиция қызметкерлеріне пышақ ала жүгірді

Алматыда алаяқ полиция қызметкерлеріне пышақ ала жүгірді

36 жастағы әйел алаяқтық жасады деген күдікке ілінді. Ол бірнеше адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатуға уәде берген.

«Күдікті қала орталығында ұсталды. Ол полицияға белсенді түрде қарсылық көрсетіп, пышақпен шабуыл жасаған. Өтіп бара жатқан адамдардың назарын аудару үшін айқайлады», - деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы, полиция полковнигі Есен Ысқақов. 

Ол полицияға алғашқы өтініш өткен жылдың қазан айында түскенін мәлімдеді. Әйел қылмыстық жауапкершіліктен босатуға көмектесемін деген желеумен клиентінен 20 мың АҚШ долларын алған, деп жазады ҚазАқпарат.

«Аталған азаматқа қатысты биылғы жылдың мамыр айында екінші рет арыз түсті. Бұл жолы күдікті қылмыстық құқық бұзушылықтың квалификациясын өзгертуге уәде беріп, 2,5 миллион теңге алған. Әйелге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс тергелуде», - деді полиция полковнигі. 

Қазір тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың осыған ұқсас эпизодтарға қатысы барын анықтап жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде