{metadescription}
ШҚО-да соңғы үш жылда 65 полицей жемқорлықпен ұсталған

ШҚО-да соңғы үш жылда 65 полицей жемқорлықпен ұсталған

Шығыс Қазақстан облысында 2019-2022 жылдар аралығында құқық қорғау органының 65 қызметкері сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайлы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаменті превенция басқармасының басшысы Архат Бейсембаев полиция қызметкерлерімен өткен кездесу барысында айтты.

«Бүгінгі таңда елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейі төмендеуінің оң тенденциясына қарамастан, құқық қорғау органдары - жемқорлық тәуекелдеріне ең бейім салалардың бірі болып қалып отыр. 2019-2022 жылдары Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шығыс Қазақстан бойынша аталған органдардың лауазымды тұлғаларына қатысты 65 сыбайлас жемқорлық фактісін тіркеді. Бүгінгі таңда 22 адам қылмыстық жауапкершілікке тартылған», - деді ол.

Талдау көрсеткендей, қылмыстардың басым бөлігін әкімшілік полиция, жедел-тергеу және қылмыстық-атқару жүйесі қызметкерлері жасайды. Негізінен жемқорлық фактілері қылмыстық істі заңсыз қысқарту, әкімшілік жауапкершіліктен босату үшін пара алумен байланысты болып отыр.

Сондай-ақ жиында Архат Бейсембаев жемқорлықтың алдын алу мақсатында агенттік пен Ішкі істер министрлігі арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандум жасалғанын жеткізді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде