{metadescription}
Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны сәл өсті

Өткен тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны сәл өсті

Коронавирус инфекциясы бес өңірде тіркеліп отыр.

Өткен тәулікте республика бойынша 16 адамнан коронавирус табылды. Індетке шалдыққандар бес өңірде тіркелді:

Нұр-Сұлтан қаласында – 9,

Алматы қаласында – 3,

Ақтөбе облысында – 1,

Алматы облысында – 1,

Қарағанды облысында – 2.

Айта кетері, коронавирус жұқтырғандар саны 18 мамырдағы көрсеткішпен салыстырғанда сәл өскен. Ол кезде барлығы 7 адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсеткен болатын. Жалпы елімізде пандемия басталғалы 1 305 683 қазақстандық коронавирус жұқтырды.

19 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинаның 1-ші компонентін 9 496 050 адам, 2-ші компонентін 9 267 945 адам салдырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

02 шілде

01 шілде

Қазір эфирде