{metadescription}
Алматы прокурорлары жүзден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты бұғаттады

Алматы прокурорлары жүзден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты бұғаттады

Алматы қалалық прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және заңбұзушылықтардың алдын алу бойынша тиімді шаралар әзірлей отырып, мәселеге егжей-тегжейлі талдау жүргізді.

Прокуратураның мәліметінше, соңғы кездері балаларды қорлау мен олардың мүдделеріне қарсы заңсыз әрекеттер көбейген. Сондай-ақ, қалалық прокуратура балалардың тыйым салынған интернет сайттарға еркін кіруі - қорлау мен сексуалдық әрекеттердің таралуына ықпал ететін триггерлердің бірі екенін анықтады. Олар жыныстық зорлық-зомбылықты, қатыгездікті, жыныстық белсенділікті ерте жастан насихаттайды.

«Ағымдағы жылдың өзінде прокурорлар 100-ден астам порнографиялық мазмұндағы сайтты анықтап, бұғаттау шараларын іске асырды. Қазір бұл жұмыс белсенді түрде жалғасып жатыр. Бұл жұмысты күшейту үшін уәкілетті органдарға прокурорлық қадағалау актісі енгізілді», - делінеді прокуратураның хабарламасында.

Осы орайда, Алматы қалалық прокуратурасы ата-аналарды балаларының виртуалды өмірін үнемі қадағалап, мінез-құлқына назар аударуға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде