{metadescription}
Қызылордада полиция тоқтатқан көліктен гранатаға ұқсас жарылғыш зат табылды

Қызылордада полиция тоқтатқан көліктен гранатаға ұқсас жарылғыш зат табылды

Қызылорда облысы Полиция департаментінің қызметкерлері өңірде «Заңсыз тасымалдаушы» жедел сауықтыру шарасын өткізіп жатыр.

«Аталған шара барысында «Самара-Шымкент» тасжолының бойында күдіктік көлік тоқтатылды. Тексеру барысында көліктің жүксалғышындағы сөмкенің ішінен пакетке оралған гранатаға ұқсас жарылғыш табылды. Ал жүргізуші орындығының астынан 2 дана газет қиындысына оралған өзіне тән ерекше иісі бар шөп ұнтағы анықталды. Сараптамаға сәйкес, шөп ұнтақтарының кептірілген марихуана екендігі белгілі болды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, аталған дерек негізінде ҚР Қылмыстық кодексінің 287-бабының 3-бөлігі сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүріп жатыр. Онда қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру тәртібі көрсетілген.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде