{metadescription}
Құлсарының экс-әкімі түсірілген видео талқыланып жатыр

Құлсарының экс-әкімі түсірілген видео талқыланып жатыр

Қазнет Атырау облысы Құлсары қаласының бұрынғы әкімі түсірілген видеоны талқылап жатыр.

Видео Telegram-каналдарда жарияланды. Кадрларда Құлсары қаласының экс-әкімі Қаржау Шарғабаев бір буманы көрсетіп, оны басқа адамдардың сұрауы бойынша алуға келгенін айтады. Ер адамның айтуынша, оған кішкентай пакетте дәрі бар екенін айтқан. Экс-әкім видеоны түсіріп тұрған белгісіз адамның сұрақтарына жауап береді, ал Қаржау Шарғабаевтың бетінен көгерген іздер байқалады.

Полиция бұл жағдайды тексеріп жатқанын мәлімдеді.

"Нәтижесін кейінірек хабарлаймыз", - деді Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.

Кейін Шарғабаев Facebook парақшасында 19 мамырда біреулер шабуыл жасағанын айтып, бейнехабарлама жариялады. Оның айтуынша, бейтаныс адамдар оны ұрып-соғып, өзін айыптауға мәжбүрлеген. Ер адам денесіндегі ұрып-соғу белгілерін көрсетті.

Дереккөз:Tengrinews.kz 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде