{metadescription}
Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады

Қазақстан Президенті Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы Жанат Элимановты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа Агенттіктің көлеңкелі экономикаға, қаржылық пирамидаларға және елден капиталды жылыстатуға қарсы күрес саласындағы жұмыстардың нәтижесі туралы баяндалды, деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысына берілген деректерге сәйкес жыл басынан бері 727 экономикалық құқықбұзушылық анықталған және 67 млрд теңгенің шығыны өтелген.

Президентке адал бизнеске жасалатын қысымды жою жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы туралы мәлімет берілді. Атап айтқанда, Жанат Элиманов құқық қорғау органдарына тән істерді жалпы қозғау тәжірибесі жойылғанын мәлімдеді. Оның айтуынша, қазіргі уақытта тіркелетін қылмыстардың саны жыл сайын азайып келе жатқаны байқалады. Тергеу амалдарының мерзімі 3 есе, ақтау белгілері бойынша тоқтатылған істер саны үштен бірге қысқарған. Нәтижесінде мыңдаған азамат пен кәсіпкерлер қылмыстық қудалау аясынан шығарылды. Сондай-ақ, соттарға жүгінетін адамдардың саны да айтарлықтай азайған.

Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлердің құқықтарын мүлтіксіз қорғау қажет екеніне мән беріп, Агенттік басшысына бірқатар тапсырма берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде