{metadescription}
Атырауда оқушы құдыққа құлап кетті

Атырауда оқушы құдыққа құлап кетті

Бүгін Атырау қаласында елді дүрліктірген оқиға болды.

11 жастағы бала Қаныш Сәтпаев атындағы мектепте оқиды. Сағат 12:00-нің кезінде далаға шығып, ашық тұрған құдыққа құлады.

"Баланы шұғыл Атырау облыстық ауруханаға жеткізген. "Травматологтар баланы қарап шықты. Бас сүйегін де ренгенге түсіріп, екі проекциясын көрді. Бала тізесін және самайын соғып алды. Сүйегі сынбаған", - дейді дәрігерлер.

Баланың канализацияға қалай құлағаны белгісіз. Дәрігерлер сыдырып алған жерлерін өңдеп, үйіне жіберді. Тұрғылықты жері бойынша амбулаторлық бақылауда болады.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде