{metadescription}
Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды

Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды

Алматы қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергенді қамау мерзімі екі айға ұзартылды.

Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлім етті.

«Сот қаулысымен тергеу органдарының өтініші қанағаттандырылды. Күдіктіге 2 ай мерзіміне қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санкцияланды. Қамау мерзімі - 2022 жылдың 21 маусымына дейін», - деп хабарлады Алматы сотының баспасөз қызметі.

Бұған дейін Қайрат Құдайбергенге қатысты әрекетті саралау туралы қаулы шыққанға дейін оны 30 тәулік мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасына санкция берілген еді.

Еске сала кетейік, ҚР Бас прокуратурасы Алматы қаласы мәслихатының депутаты Қайрат Құдайбергеннің қаңтар оқиғасының ісі бойынша ұсталғанын растады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде