{metadescription}
Ақтөбе облысында жасөспірімге жай түсіп мерт болды

Ақтөбе облысында жасөспірімге жай түсіп мерт болды

Қайғылы жағдай 20 мамырда кешкісін Белогорка елдімекенінде болған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметі Белогорка ауылындағы үйлердің бірінің маңында екі адамға найзағай түскенін хабарлады. 2007 жылғы бала найзағай салдарынан оқиға орнында қаза тапты, 27 жастағы ер адам Ақтөбедегі жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді. Белогорка Ақтөбенің маңында, Самара-Шымкент тасжолына жақын жерде орналасқан.

Құтқарушылар найзағай кезінде тұрғындардан биік ағаштар мен электр желілерінен алыс болуды, су айдындарында шомылмауды, ұзын металл заттарды - қармақ, қолшатыр және басқаларды ұстамауды, сондай-ақ металл құрылыстарға қол тигізбеуді, телефон арқылы қоңырау шалмауды сұрайды.

"Құрылғы қолданылмай, жай қосулы болса да найзағай түсуі мүмкін. Найзағай кезінде металл зергерлік бұйымдарды шешіп тастаған дұрыс", - деп ескертті ТЖД өкілдері.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде