{metadescription}
Mас жүргізуші 32 қойды қағып кеткен

Mас жүргізуші 32 қойды қағып кеткен

Алматы облысында Toyota Land cruser Prado көлігінің жүргізушісі бір мезетте 32 қойды қаққан.

Оқиға Ақсай-Шонжы-Қалжат тас жолында болған.

Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы таңғы 07-лер шамасында болған. Жүргізуші қатты жылдамдықпен келе жатып жолға шыққан бір отар қойды байқамай қалған. Сондай ақ ол оқиға орнынан бой тасаламақ болған.

Күдікті жылдам табылды. Сондай-ақ оның 2018 жылы жүргізуші куәлігінен айрылғаны белгілі болды. Ұйғыр аудандық соты оны кінәлі деп тауып, 25 күнге қамап 9 жылға көлік жүргізуге тыйым салды. Жүргізуші өз кінәсін мойындап шығынды өтеп беруге келісімін берді.

«Көлікті 25 жастағы Талғар ауданының тұрғыны жүргізген. Оның машинаны ішімдік ішіп жүргізгені арнайы медициналық тексеру арқылы дәлелденді. Аталған фактіге сәйкес Әкімшілік кодекстің 608 және 610 баптары бойынша хаттама толтырылып, жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде