{metadescription}
Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді

Шымкенттегі жарылыстан бір нәресте шетінеді

Осыдан небары 18 күн бұрын ғана дүниеге келген сәби үшемнің бірі еді.

Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық басқармасының мәліметінше, жарылыс кезінде №1 перинаталдық орталықта екі жүзден аса адам болған.

«Шымкент қаласындағы №1 облыстық перинаталдық орталықта жарылыс кезінде 189 пациент пен 65 қызметкер болған. Жарылыс салдарынан орталықтың күзетшісі және 1 нәресте көз жұмды. Шетінеген сәби 18 күн бұрын туған. Тағы 8 адам зардап шегіп, қаланың медициналық мекемелеріне жатқызылды. Атап айтқанда, облыстық клиникалық ауруханаға, қалалық №1 және №2 ауруханаға жатқызылды», - делінген басқарма хабарламасында.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінен мәлім болғанындай, Өмірзақ Шөкеев тиісті органдарға қайтыс болған күзетшінің отбасына материалдық көмек беру, яғни жерлеу рәсімінің шығынын толық көтеруді тапсырды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде