{metadescription}
Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін алмақ болған

Антикордың жалған қызметкері Каспий жағалауынан жер телімін алмақ болған

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор өкілі ретінде таныстырып, Ақтау қаласы әкімдігінен жер учаскесін беруді талап еткен күдіктіні ұстады, деп хабарлайды Агенттік.

«Ағымдағы жылдың 19 мамырында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өзін Антикор қызметкері ретінде таныстыра отырып, Ақтау қаласы әкімдігінің лауазымды тұлғаларынан коммерциялық объектілерді орналастыру үшін оның атына жер учаскесін ресімдеуді талап еткен 1997 жылғы Нұрбол Каримовты әшкереледі. Каримовтың заңсыз әрекеттері дер кезінде тоқтатылды», - делінген Агенттік хабарламасында.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Агенттік Каримовтың бұрын да осындай қылмыстар жасаған болуы мүмкін екендігін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде