{metadescription}
Қырғызстанда жүк көлігі шекара бекетіне соғылып, 8 адам көз жұмды

Қырғызстанда жүк көлігі шекара бекетіне соғылып, 8 адам көз жұмды

Қырғызстанның Баткен облысы Кадамжай ауданында «Чечме» бақылау-өткізу бекетінде ірі көлік апаты болып, 8 адам мерт болды.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, апат сенбі күні 16:00 шамасында Айдаркен қаласының маңындағы Чечме ауылында болған. 

Алдын ала мәлімет бойынша, экскаватор тиеп алып келе жатқан «Хово» маркалы тралдың жүргізушісі рөлге ие бола алмай қалып, шекара бекетіне және жеңіл көліктерге соғылған. Апат салдарынан 8 адам қайтыс болды, оның екеуі - ТЖМ қызметкері. 

Оқиға орнында Кадамжай аудандық ТЖМ бөлімінің 18 қызметшісі жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

01 шілде

Қазір эфирде