{metadescription}
Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамалды

Елордада автобуста оқушы қызға тиіскен күдікті 10 тәулікке қамауға алынды.

«2022 жылдың 19 мамыры күні сағат 20:12-де «Сарыарқа» аудандық полиция басқармасына қоғамдық көлікте кәмелеттік жасқа толмаған қызға тиіскен белгісіз ер адамға қатысты шара қолдану туралы шағым түсті. Осыдан кейін полиция аталған адамды ұстау бойынша шұғыл шара қабылдады. Іздестіру жұмыстары барысында ол ұсталып, қамауға алынды», - делінген таратылған хабарламада. 

Полиция мәліметіне қарағанда, күдікке ілінген аталған 33 жастағы ер адамға қатысты әкімшілік іс қозғалды. 

«Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен құқық бұзған тұрғын 10 тәулікке қамауға алынды», - деп аталып өткен 

Бұдан бұрын хабарланғандай, елорда тұрғыны автобуста белгісіз ер адамның 12 жастағы қызына тиіскеніне шағымданды.

Қала тұрғыны Instagram парақшасында күдіктінің суретін де, видеосын да жариялады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

02 шілде

01 шілде

Қазір эфирде