{metadescription}
Атырауда 2-қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр

Атырауда 2-қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр

Атырауда 2-қабаттан құлаған екі жасар баланың жағдай ауыр.

Облыстық балалар ауруханасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, терезеден құлаған 2 жасар 16 мамырдан бері ауруханада жатыр. 

«Атырау қаласының «Нұрсая» шағынауданындағы көпқабатты үйдің 2-қабатынан құлаған екі жасар бала ауруханаға сағат 17:30-да түсті. Баланың ауыр жарақаты бар. Бас сүйегі екі жағынан сынған. Қазір пациенттің жағдайы өте ауыр», -деп хабарлады аурухананың баспасөз қызметі.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті қоғаммен байланыс тобының ақпаратына сүйенсек, былтыр 2-7 жас аралығындағы 5 бала терезеден құлаған. 

«Былтыр терезеден құлап кеткен балалардың арасында бір отбасының егізі бар. Екі бала қайтыс болды. Ал, 3 бала ауыр жарақат алды», -деп мәлім етті қоғаммен байланыс тобынан. 

Департаменттің мамандары балалардың терезеден құлау қаупінің алдын алу үшін тұрғындарға түсіндіру жұмысын жүргізіп жатыр. Мәселен, кеше, 21 мамырда Атырау қаласындағы «Тұрғын үй қалашығы» шағынауданындағы көпқабатты 46 үйдің тұрғындарына жадынама таратылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

02 шілде

01 шілде

Қазір эфирде