{metadescription}
Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды

Түркістан облысында тауда адасып қалған 4 адам құтқарылды

Тауға серуендеп шыққандар Наутсай шатқалынан 10 шақырым жердегі құлыншақты таулы жерінен табылған.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, тауда адасып қалғандар туралы ақпарат кеше түнгі сағат 22:10-да 112 байланыс пунктіне түскен. Олар күндізгі сағат 11:00 шамасында Сусіңген көлінен шығып, «Алтын дән» демалыс аймағына бағыт алғаны белгілі болған. Содан қайта оралмапты.

Демалушыларды іздеуге төтенше жағдайлар қызметінің 17 құтқарушысы мен кинология бөлімінің 1 қызметкері, 2 техника және полиция департаментінің 4 қызметкері, ұлттық парктің 5 қызметкері жұмылдырылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Іздеу нәтижесінде жоғалғандар 23 мамыр сағат 02:32-де Құлыншақты таулы шатқалынан табылды. Өздерінің айтуынша, тұманда адасып қалған. Сағат 06:35-те іздеу тобы жоғалғандарды түсіріп, құтқарған. Ешқайсысы медициналық көмекті қажет етпеді», - делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.