{metadescription}
Қосшыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Қосшыда 3 жасар бала терезеден құлап кетті

Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, келеңсіз жағдай мамырдың 21-де сағат 16:00 шамасында болған.

"Ақмола облысының Қосшы қаласында 3 жасар бала абайсызда төртінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Зардап шеккен бала Нұр-Сұлтан қаласы балалар ауруханасының нейрохирургия бөлімшесіне жатқызылды", - делінген хабарламада.

Полициядан атап өткендей, бүлдіршін анасы дүкенге шығып кеткенде терезеден құлаған. Қазіргі кезде оқиғаның мән-жайын анықталып жатыр. Отбасы екі бала тәрбиелеп отыр. Арнайы органдардың есебінде тұрмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.