{metadescription}
Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрады

Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрады

Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, лингвист-зерттеуші, түрколог, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов «Қазақстан халық конгресі» партиясын құрады.

Бұл туралы ол баспасөз мәслихатында мәлім етті.

«Партия «Қазақстанның халық конгрессі» деп аталады. Тіркеуден өту үшін Әділет министрлігіне құжаттарды жібердік», - деді Олжас Сүлейменов.

Сонымен қатар ол жер және оның қойнауы халыққа тиесілі болуы керек екенін, әрбір қазақстандыққа ұлттық ресурстардан кепілдендірілген табыс түсуі қажеттігін атап өтті.

«Біз диалог алаңын құрдық. Оған әрбір қоғам мүшесін шақырамыз. Қуатты Қазақстанды дамытатын және оны жүзеге асыратын бағдарлама дайындадық. Мақсат — кемшіліктерді сараптап, оған қажетті қадамдар жасау», - деді ол.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.