{metadescription}
Көкшетауда мектептен қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылды

Көкшетауда мектептен қолдан жасалған жарылғыш құрылғы табылды

№2 орта мектептің меңгерушісі полицияға хабарласып, қоймадан қолдан жасалған жарылғыш құрылғыға ұқсас зат табылғаны туралы айтқан. 

Полиция қызметкерлері аумақты қоршауға алып, барлығын оқу орнынан эвакуациялады. Оқиға орнынан олар сымдары бар қаңылтыр ыдысты тапты.

«Жарумен шұғылданатын техник-мамандар табылған құрылғыны зерттеді. Азаматтардың қауіпсіздігі мақсатында, қолданыстағы іс-қимыл алгоритміне сәйкес, оны сол жерде жою туралы шешім қабылданды. Осыған байланысты қажетті қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жару ісі жүргізілді», - деді Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі.

Оқиға орнында облыстық полиция департаментінің жедел-тергеу тобы мен жарумен шұғылданатын техник-мамандар жұмыс істеді.

«Азаматтардан үрейленбеуді және тек ресми ақпарат көздерінен алынған деректерге сенуді сұраймыз», - деді полицейлер қала тұрғындарына.

Дереккөз: Zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде