{metadescription}
Елімізде кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдың жаңа қадамдары енгізіледі

Елімізде кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимылдың жаңа қадамдары енгізіледі

Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылайды.

«Аталған заң жобасы Мәжіліске Парламент депутаттарының бастамасымен 2022 жылғы 23 мамырда енгізілді. Құжат кірістерді жылыстатуға және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимылдың ұлттық жүйесін жақсартуға, сондай-ақ Ақшаны жылыстатуға қарсы күрестің қаржылық іс-шараларын әзірлеу тобының халықаралық стандартын іске асыру мақсатында әзірленді. Қаржы және бюджет комитеті заң жобасы бойынша 2022 жылғы 30 желтоқсанға дейін қорытынды әзірлеуге дайын», - деді Мәжілістің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы Марат Құсайынов палатаның жалпы отырысында.

Сонымен қатар Мәжілістің қарауына «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы да енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.