{metadescription}
Әділет Тойбаев Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Әділет Тойбаев Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен Әділет Жүнісұлы Тойбаев ведомствоға қарасты Ғылым комитетінің төрағасы болып тағайындалды.

Әділет Тойбаев 1982 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған.

Еңбек жолын 2008 жылы әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да оқытушы болып бастаған.

2008-2009 жылдары — әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да әдістеме бөлімінің меңгерушісі, академиялық мәселелер жөніндегі директор.

2011-2017 жылдары — Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқу-әдістеме бөлімінің меңгерушісі, оқу ісі жөніндегі проректор.

2017-2018 жылдары — Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің бірінші проректоры-академиялық мәселелер жөніндегі проректоры.

2018 жылдан бастап қазірге дейін ҚР БҒМ Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры қызметін атқарды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.