{metadescription}
Маусым айында Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болады – синоптиктердің болжамы

Маусым айында Қазақстанның қай өңірінде құрғақшылық болады – синоптиктердің болжамы

«Қазгидромет» РМК 2022 жылдың маусым айына құрғақшылық болжамын ұсынды.

Алдын ала мәлімет бойынша, жаздың бірінші айында Қазақстанның басым бөлігінде құрғақшылық болу ықтималдығы төмен. Алдын ала болжамға сәйкес, маусым айында республиканың басым бөлігінде құрғақшылықтың туындау ықтималдығы төмен, негізінен ылғалдану жағдайлары нормаға жақын болады деп күтілуде.«Қазгидромет» РМК

Синоптиктердің болжамы бойынша, Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында бірқалыпты құрғақшылық болжанады. Қатты құрғақшылық Қызылорда облысының Қармақшы ауданында және Маңғыстау облысының Қарақия ауданында болады деп болжанған.

Жамбыл облысының Рысқұлов ауданында, Ақтөбе облысының Ойыл ауданында және Түркістан облысының Сайрам ауданында қолайлы орташа ылғалды жағдай болады деп күтіледі.«Қазгидромет» РМК. Мамандар құрғақшылықтың қарқындылығы мен әсері Қазақстанның әр аймағында әр түрлі көрінетінін атап өтті. Қызылорда және Маңғыстау облыстары құрғақшылыққа ұшыраған өте құрғақ, ыстық аймақ ретінде сипатталады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде