Енді WhatsApp жойылып кеткен хабарламаларды сақтайды
WhatsApp мессенджері құпия хабарламалар туралы ережелерді өзгертеді.
Фото: pixabay
18:13 26.05.2022
Messenger қолданушыларына өшірілген хабарламаларды сақтауға мүмкіндік береді. WABetaInfo порталының сарапшыларының айтуынша, мұндай мүмкіндік пайдаланушылар маңызды хабарламаларды жоғалтып алғысы келмеген жағдайда пайдалы болады.
Ол үшін әзірлеушілер байланыс ақпараты бөліміне «Сақталған хабарламалар» элементін енгізгісі келеді. Оны басу арқылы пайдаланушылар сақталған чат хабарламарын, соның ішінде өшірілген sms-терді көре алады.
Жаңартылған ережелер WhatsApp-тың компьютердегі нұсқасында, сонымен қатар Android және iOS смартфондарында жұмыс істейді. Қолданушылар мұндай мүмкіндікке қашан қол жеткізетіні әзірше белгісіз.
Дереккөз: Zakon.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!