{metadescription}
Бүкіл елмен прагматикалық негізде жұмыс істей береміз – Президент

Бүкіл елмен прагматикалық негізде жұмыс істей береміз – Президент

Қазақстан Еуразиялық интеграцияның іскерлік негізде болуын қолдайды.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Еуразиялық экономикалық комиссия форумының жалпы отырысында осындай ұстаным білдірді.

«Еуразиялық экономикалық комиссия, меніңше, айтарлықтай тиімді жұмыс істеп тұр. Бірақ мәселе басқада және ол пікірталасқа тұрарлық. Еуразиялық экономикалық комиссияға қосымша өкілеттер артудың қажеті бар ма? Біз Қазақстанда бұл мәселе бойынша алға жүгірмей, біртіндеп жұмыс істеу керек деген ұстанымды қолдаймыз. Түптің түбінде Еуразиялық экономикалық комиссия үкімет емес. Бұл – 2015 жылы қол қойылған тиісті жарғымен өкілеттері белгіленген атқарушы орган», - деді Президент Еуразиялық экономикалық комиссия форумының жалпы отырысында.

Мемлекет басшысы интеграция кезінде туындайтын кейбір мәселелерді жрамаға айналдырудың қажеті жоқ екеніне де тоқталды.

«Меніңше, интеграция үдерісі кезінде туындайтын қандай да бір қиындықтарды драмаға айналдырудың қажеті жоқ. Бұл қалыпты процесс. Қазақстанға келсек, іскерлік негіздегі еуразиялық интеграцияны қолдаймыз. Әрине, одақтағы бүкіл елмен прагматикалық негізде жұмыс істей береміз», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғызстанда ресми сапармен жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде