{metadescription}
БАӘ-де Қазақстан паспортын 30 күн ішінде алуға болады

БАӘ-де Қазақстан паспортын 30 күн ішінде алуға болады

БАӘ-де жүрген Қазақстан азаматтары ұлттық паспортты Абу-Дабидегі ҚР Елшілігінде және Дубайдағы ҚР Бас консулдығында 30 күн ішінде ресімдей алады.

Бұрын бұл процедура 80 күн алатын, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігі.

«Қазақстанның сыртқы және ішкі істер министрліктері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру шеңберінде пилоттық режимде «Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде құжаттандыру» тіркеу пункті» қолданбалы бағдарламалық қамтамасыз ету арқылы қазақстандық азаматтарды электрондық құжаттандыруды енгізу бойынша жұмысты жалғастырып жатыр», - делінген ведомство мәлімдемесінде.

Айта кетсек, электрондық құжаттандыру жүйесі Қазақстанның АҚШ-тағы (Вашингтон, Нью-Йорк, Сан-Франциско), Германиядағы (Берлин, Майндағы Франкфурт, Мюнхен, Ганновер), Жапониядағы (Токио), Корея Республикасындағы (Сеул), Өзбекстандағы (Ташкент) және Ресейдегі (Мәскеу) шетелдік мекемелерінде іске қосылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде