{metadescription}
Ақтау дәрігерлері науқастың асқазанынан ұзындығы 15-18 см үш темір алып шықты

Ақтау дәрігерлері науқастың асқазанынан ұзындығы 15-18 см үш темір алып шықты

Маңғыстау облыстық ауруханасында эндоскопист-дәрігерлер темір жұтып қойған науқасқа тіліксіз ота жасады.

Маңғыстау облыстық ауруханасы баспасөз қызметінің мәліметінше, 29 жастағы науқас 18 мамыр күні жедел түрде ауруханаға келген. 

Сырқаттың ішінің жоғарғы бөлігі ауырсынған. Алдымен дәрігерлер жедел түрде лабораторлы-инструментальды зерттеу жүргізді. 

Іш қуысының рентгенографиясы нәтижесінде асқазаннан бірнеше бөгде зат табылды.

- Науқасқа шұғыл түрде жансыздандыру арқылы эндоскопиялық әдіспен ота жасадық. Яғни, ауыз арқылы видеоэзофагогастродуодеоскопия аппараттың көмегімен денедегі артық затты сыртқа шығардық. Науқас ішінен ұзындығы 15, 16, 18 см темір, басы жоқ қасық алынды. Науқаста ешқандай ауырсыну болған жоқ. Ота шамамен жарты сағатқа созылды. Қазіргі таңда амбулаторлы емге жіберілді, - деді Маңғыстау облыстық ауруханасының эндоскопист-хирургы Бауыржан Танауов.

Айта кетейік, аталған операцияға хирург-эндоскопист Б.Танауов, М. Тайшыбай және анестезиолог К. Шадиева қатысты.

Мұндай операциялар МӘМС бағдарламасы аясында тегін жүргізіледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде