{metadescription}
Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

Қазақстандық жас теннисші Ролан Гаррос турнирін сәтті бастады

Қазақстандық Аружан Сағындықова жастар арасында Ролан Гаррос турнирінің іріктеу сайысын сәтті бастады.

Аружан іріктеу сайыстарының жартылай финалында франциялық Офалья Буллаймен кездесті. 

Екі сағатқа созылған тартысты матчта қазақстандық теннисші 6:4, 5:7, 10:6 есебімен жеңіске жетті.

А.Сағындықова іріктеу сайыстарының финалында жапониялық Хая Киноситамен шеберлік байқасады. Іріктеу сайыстарының 6-ракеткасын жеңсе, негізгі жарысқа жолдама алады. 

Тағы бір жас қазақстандық Максим Батютенко жергілікті ойыншы Томас Фурельге жол берді – 6:4, 4:6, 7:10.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде