{metadescription}
Алматы облысында полицияның қару-жарақ қоймасынан ұрланған 6 тапанша табылды

Алматы облысында полицияның қару-жарақ қоймасынан ұрланған 6 тапанша табылды

Алматы облысында полицияның ұрланған 6 «Макаров» тапаншасы табылды.

«26 мамыр күні Алматы облысы прокуратурасының бастамасымен жүргізілген арнайы операция барысында тәртіп сақшылары қаңтар айындағы тәртіпсіздіктер кезінде құқық қорғау органдарының қару-жарақ қоймаларынан ұрланған 18 оғы бар 6 «Макаров» тапаншасын, сондай-ақ 1 Калашников автоматын тауып, тәркіледі. 

​Осылайша, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде 2 күдіктінің тұрғылықты жері бойынша аталған қару түрлері табылды»,- деп хабарлады Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, күдіктілер ұсталды. Олардың үстінен ҚР ҚК 287-бабы 3-бөлігі (қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды және жарылғыш құрылғыларды заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сотқа дейінгі тергеу шеңберінде істің барлық мән-жайын анықтауға бағытталған жедел-тергеу іс-шаралары жүріп жатыр, сондай-ақ ұсталғандар басқа қылмыстарға қатыстылығы бойынша тексерілуде.

Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жария етілмей отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Қазір эфирде