Ертіс өзенінен әйелдің мәйіті табылды
Өскеменде «Восточник-3» бау-бақша серіктестігі ауданында әйел адамның мәйіті табылды.
15:43 27.05.2022
Бұл туралы облыстық полиция департаментінен мәлім етті.
«12 мамырда Өскемен қалалық ІІБ-не Үлбі полиция бөлімінің «102» арнасына «Восточник-3» ш/а ауданында Ертіс өзенінен мәйіт табылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Аталған факті белгіленген тәртіппен тіркелді», - деп хабарлады ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Ведомствода өлімнің себебін анықтау үшін бірқатар сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын атап өтті.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 201 бабына сәйкес басқа да мәліметтер жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!