{metadescription}
Елордада әйел мен баланың үстіне баннер құлады

Елордада әйел мен баланың үстіне баннер құлады

Нұр-Сұлтанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына жасалған металл баннер әйел мен қыздың үстіне құлады.

26 мамырда Нұр-Сұлтанда қатты желдің салдарынан әйел мен жасөспірімнің үстіне баннер құлап, олар ауруханаға түсті. 

Ведомствоның баспасөз қызметі оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

«Мамырдың 26-сы күні Алматы аудандық полиция басқармасына Бейбітшілік және келісім сарайының басты кіреберісінің алдында қатты желден баннер оңға қарай жылжып, құлап кеткені туралы хабарлама түсті», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Оқыс жағдайдан 12 жастағы қыз бен 34 жастағы әйел зардап шекті. Полиция департаменті осыған орай тиісті сот-медициналық сараптамалар тағайындалғанын мәлімдеді.

«Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 306-бабы (Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарларды шығару немесе өткізу, жұмыстарды орындау немесе қызметтерді көрсету) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды», - деді Нұр-Сұлтан қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Елордалық денсаулық сақтау басқармасы зардап шеккендердің жағдайы туралы айтты. Олардың айтуынша, әйел толық айыққанша ауруханада болып, стационарлық ем алады. Жасөспірім амбулаторлық ем алуға шығарылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде