{metadescription}
Доллар бағасы 10 теңгеге қымбаттады

Доллар бағасы 10 теңгеге қымбаттады

Доллардың теңгеге шаққандағы бағамы өсті.

KASE қор нарығындағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллар бағамы 10, 73 теңгеге қымбаттады. Бір АҚШ долларының орташа бағамы 433, 30 теңге.

Ұлттық банктің 27 мамырдағы ресми бағамы – 1 долларға 422, 01 теңге. Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пунктілерінде доллардың сату бағамы – 432,77 теңге, сатып алу – 438,66 теңге.

Ал Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сату бағамы – 435,81 теңгеден болса, сатып алу құны – 439 теңге. Айта кетейік, АҚШ ақшасы екі күн қатарынан қымбаттап жатыр.

Кешегі мәлімет бойынша, доллар бағамы 7, 22 теңгеге қымбаттаған болатын.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде