Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алды деген күдікке ілінді
Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары пара алғаны үшін айыпталуда.
19:05 27.05.2022
Бұл туралы Антикор хабарлайды.
«Түркістан облысы Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары ұсталды. Оған қатысты Мемлекеттік сатып алуда артықшылық беру үшін құрылыс компаниясы директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды», - делінген хабарламада.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!