{metadescription}
«Бурабай» ұлттық паркінде 14 өрт ауыздықталды

«Бурабай» ұлттық паркінде 14 өрт ауыздықталды

«Бурабай» ұлттық паркінде екі күнде 14 өрт жағдайы тіркелді.

Өрт сөндірушілер 600 метр биіктікке суды қолмен тасып, жалынды ауыздықтады.

Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқарушысы Айбек Дәдебаев Telegram-да жазды.

«Осы күндері «Бурабай» мемлекеттік ұлттық паркінің қызметкерлері тәулік бойы орманды өрттен құтқару үшін талмай жұмыс істеді. 26 мен 27 мамырда ұлттық парктің жеті орманшылығында найзағай салдарынан 14 төтенше жағдай тіркелді. Шалт қимылдаған мамындардың арқасында өрт 10-20 минуттың ішінде толық ауыздықталды», - деп жазды А.Дәдебаев.

Оның мәліметінше, тұтанған жалын туралы барлық мәліметті Smart Burabay мониторинг жүйесі анықтады: төтенше жағдайдың туындағаны жайлы сигнал жедел басқару орталығының пультіне келіп түскен соң, бірден операторлар өрт сөндіру топтарына хабар берген. Отпен 35 маман күрескен.

«Президент Іс басқармасының тапсырысымен енгізілген автоматтандырылған заманауи жүйелердің арқасында орманда өртті анықтаудың орташа уақыты - 2 минут. Найзағай түсіп, от тұтанған ең биік нүкте Бура тауы болды (690 метр). Аумақ тасты-топырақты және тік еңселі болып келгендіктен өрт сөндірушілер суды қолмен 600 метр биіктікке тасуға мәжбүр болған.

Тілсіз жауды дер кезінде ауыздықтап, табиғатқа зиян келтіруге жол бермеген барлық жанға алғыс білдіремін!», - деп жазды ҚР Президенті Іс басқарушысы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде