{metadescription}
Петропавлда жас жігітті КамАЗ қағып кетті

Петропавлда жас жігітті КамАЗ қағып кетті

Петропавлда 19 жастағы жігітті КамАЗ көлігі қағып кетті, деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

Жол апаты таңертең Астана-Интернациональная көшесінің қиылысында болған. Көлік жолдан өтіп бара жатқан жас жігітті қағып кеткен.

Зардап шегуші көптеген жарақатпен қалалық ауруханаға жеткізілді.

Қазір аталған фактіге қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде