{metadescription}
Тараздық оқушының көлікпен каналға түсіп кеткен видеосы пайда болды

Тараздық оқушының көлікпен каналға түсіп кеткен видеосы пайда болды

Тараз қаласында рұқсатсыз автомобиль руліне отырып, көлікті басқара алмай каналға түсіп кеткен мектеп түлегі әрекетінің видеосы желіде тарап жатыр.

Видеодан байқалғандай жүргізуші тез бұрылуға әрекет жасайды, нәтижесінде көлігімен каналдағы суға түсіп кетеді.

Кейін анықталғандай, автомобиль руліндегі оқушы газ бен тежегішті шатастырып алған.

Еске сала кетейік, oқиға 25 мамыр күні Тараз қаласында болған. Мектеп бітірген түлек көлік иесінің шығып кеткенін пайдаланып, рулге рұқсатсыз отырған.

Аталған өңірдегі полиция департаментінің мәліметінше, рулдегі жасөспірім зардап шекпеген және ол көлікте жалғыз болған.

Сондай-ақ, тәртіп сақшылары оқушының ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізіп, 20 АЕК (63 600 теңге) көлемінде айыппұл салды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде