Қазақстанда 150-ге жуық науқас коронавирустан емделуде
28 мамырдағы мәлімет бойынша, ел өңірлерінде коронавирус инфекциясынан 150-ге жуық науқас ем қабылдап жатыр, деп хабарлайды Қазақстанда коронавирустың таралуының алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметі.
15:43 28.05.2022
Індеттен 149 адам (–96+ және 53 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 50 пациент стационарда, 99 науқас амбулаториялық деңгейде ем-дом алып жатыр.
КВИ+ (коронавирус), КВИ- (коронавирус пневмониясы) шалдыққандардың арасында 6 адамның жағдайы ауыр, 1 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!