{metadescription}
Ақмола облысында науқас ер адам іздестірілуде

Ақмола облысында науқас ер адам іздестірілуде

Ақмола облысының Купчановка ауылындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығынан кетіп қалған 47 жастағы науқас ер адам іздестірілуде.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Сергей Иванович Шуваловтың жоғалғандығы туралы 27 мамырда сағат 12:40 шамасында хабарланған.

«Анықталғандай, ер адам Купчановка ауылындағы арнайы әлеуметтік көмек көрсету орталығында емделіп жатқан. Сол күні сағат 10:00 шамасында мекеме аумағынан өз еркімен кетіп қалған. Қазіргі кезде оны іздеу шаралары жүргізілуде. Оның суреті мен ол туралы деректер полицияның аумақтық бөлімшелеріне жіберілді», - деді ведомстводан.

Жоғалған ер адам үстіне сұр футболка, қара трико және ақ түсті бейсболка киген. Тәртіп сақшылары Сергейдің жүрген жерін білетін немесе көрген адамдар болса, дереу құқық қорғау органдарына хабарлауды сұрайды.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ
Қазір эфирде